28Қараша2014

"Жебе" ақпараттық cайты

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «ЕЛІМІЗДІҢ АТАУЫН "ҚАЗАҚ ЕЛІ" ДЕП ӨЗГЕРТУ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРУ КЕРЕК!»

Жұма, 07 Ақпан 2014 08:42

Президент  бұл  мәселені  тағы көтерді. «Қазақ елі» атауы туралы әңгіме бұл.  Нұрсұлтан Әбішұлы  өткен жылғы жолдауында «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген еді. Ал, жақында Атырау қаласындағы Зияткерлік мектепте болған және облыс зиялыларымен кездескен Президент ел атауын «Қазақ елі» деп ресми түрде өзгерту мәселесін көтерді.

Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Сонымен бір мезгілде, шетелдіктер халқының саны небәрі екі миллионды құрайтын Моңғолияға қызығушылық танытады, бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Сірә, еліміздің атауын уақыт өте келе "Қазақ елі" деп өзгерту мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн» деді. Сөйтіп,  қалың бұқараның бұл мәселені талқылауы керектігін айтты.  Демек,  бұл мәселені енді жаппай сөз етеміз деген сөз.
Жалпы, Президенттің  елдің атауына,  ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарасы көпшіліктің көңілінен шығып та жүр. Бірақ,  қордаланған ұлттық мәселелерді  бірден шешуді емес,  эволюциялық жолмен шешуді құптайды Мемлекет басшысы. 2009 жылы Наурыз мерекесіне ұлттық киім киіп келген Н.Назарбаев сол жиында Ұлыстың ұлы күнін  елдің жаңа жылы қылу керектігін айтқан. 
Ал, 2010 жылдан бастап Ұлыстың ұлы күні мерекесінде 3 күн демалатын болған едік. Өткен жылы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында  еліміздің «Қазақ мемлекеті атанатындығын айтқан Президент  1 қыркүйекте  Астанадағы №64 мектеп-лицейінде «Қазақ елі» пәнін  жүргізген болатын Мұның барлығы мемлекет атауынан «Стан» жалғауының алынар сәтінің  жақындап қалғандығын көсретсе керек.

Жебе 
Фото akorda.kz  сайтынан алынды

886 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « С-300 ТЕГІН БЕ? АЛАШ АҢСАҒАН "ҚАЗАҚ ЕЛІ" »

2 пікір

  • Нұрай Нұрай Дүйсенбі, 10 Ақпан 2014 10:04

    Тура уақытысында айтылған ұсыныс, кеудесінде жүрегі бар адам қолдау керек!

  • Самат С.С. Самат С.С. Сенбі, 08 Ақпан 2014 13:50

    ҚАЗАҚ ЕЛІ атауы өте дұрыс шешім біздің ЕЛТАҢБАМЫЗДА Ел аты ҚАЗАҚ ЕЛІ деп жазылса болғаны,ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деген сөздер өз-өзінен қолданыла беретіні ақиқат.

Пікір жазу